Вентолин в аэрозоле — инструкция по применению

Инструкция по применению вентолина в аэрозоле, описание действия препарата, показания к применению аэрозоля вентолина, взаимодействие с другими лекарствами, применение вентолина (аэрозоль) при беременности. Инструкции: Вентолин в растворе;
Торговое название: Вентолин®
Международное название: Сальбутамол
Лекарственная форма:
Аэрозоль для ингаляций, дозированный, 100 мкг/доза, 200 доз
Показания к применению:
Атс классификация:
R Средства, действующие на респираторную систему
R03 Средства, применяемые при обструктивных заболеваниях дыхательных путей
R03A Адренергические препараты для ингаляционного применения
R03A C Селективные агонисты бета-2-адренорецепторов
Фарм. группа:
Препараты для лечения обструктивных заболеваний дыхательных путей. Симпатомиметики ингаляционные. Бета2- адреностимуляторы селективные. Код АТX R03AC02
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 30 ºС. Защищать от света и переохлаждения. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не применять по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Гомогенная суспензия белого или почти белого цвета.

Состав вентолина в аэрозоле

Одна доза содержит
1 дозаның құрамында

Активное вещество вентолина

сальбутамола сульфат 120,5 мкг (эквивалентно сальбутамолу 100 мкг)
120,5 мкг сальбутамол сульфаты бар (100 мкг сальбутамолға баламалы)

Вспомогательные вещества в вентолине

1,1,1,2-тетрафторэтан (пропеллент HFA-134a), озонобезопасный
1,1,1,2-тетрафторэтан (пропеллент HFA-134a), озонқауіпсіз

Показания к применению аэрозоля вентолина

В составе комплексной терапии:
  • для купирования и предупреждения развития бронхоспазма у пациентов с обратимой обструкцией дыхательных путей (астма, хронический бронхит, эмфизема)
  • для купирования и предупреждения приступов бронхиальной астмы перед предполагаемым приступом
Бронходилятаторы не должны быть единственным или основным компонентом терапии бронхиальной астмы. Если пациент с астмой не отвечает на терапию сальбутамолом, рекомендуется применять ингаляционные ГКС для достижения и поддержания контроля симптомов. Недостаточный ответ на терапию сальбутамолом может быть сигналом к срочному медицинскому вмешательству/терапии.
Біріктірілген ем құрамында:
  • тыныс алу жолдарының қайтымды обструкциясы (демікпе, созылмалы бронхит, эмфизема) бар емделушілерде бронх түйілуін басу және оның пайда болуының алдын алу үшін
  • бронх демікпесінің ұстамаларын басуға және болжанған ұстаманың алдын алуға
Бронходилятаторлар бронх демікпесін емдеуде тек жалғыз немесе негізгі компоненті ғана болуы тиіс емес. Егер демікпесі бар емделуші сальбутамолмен емдеуге жауап бермесе, симптомдарды бақылауға қол жеткізу және демеу үшін ингаляциялық ГКС қолдану керек. Сальбутамолмен емдеуге жеткіліксіз жауап шұғыл медициналық араласым/ем жүргізудің сигналы болуы мүмкін.

Противопоказания вентолина в аэрозоле

  • повышенная чувствительность к любому компоненту, входящему в состав препарата
  • преждевременные роды
  • угрожающий аборт
Формы выпуска сальбумамола, не предназначенные для внутривенного введения, не должны применяться для прекращения преждевременных родов и угрожающего выкидыша.
  • препараттың құрамына кіретін кез келген компонентке жоғары сезімталдық
  • мезгілінен бұрын босану
  • қауіп төндіретін аборт
Шығарылуы көктамыр ішіне енгізуге арналмаған сальбутамол түрі мезгілінен ерте босануды және қауіп төндіретін түсікті тоқтату үшін қолданылмауы тиіс.

Побочные действия аэрозоля вентолина

Очень часто (>1/10), часто (>1/100, <1/10), нечасто (>1/1,000, <1/100), редко (>1/10,000, <1/1,000), очень редко (<1/10,000).

Часто
  • тремор, головная боль
  • тахикардия
Нечасто
  • раздражение слизистой оболочки полости рта и глотки
  • учащенное сердцебиение
  • судороги мышц
Редко
  • гипокалиемия (терапия β2-агонистами может приводить к выраженной гипокалиемии)
  • расширение периферических сосудов
Очень редко
  • реакции гиперчувствительности, включая крапивницу, ангионевротический отек, бронхоспазм, гипотонию, коллапс
  • парадоксальный бронхоспазм
  • лактоацидоз (у пациентов, получающих сальбутамол в виде внутривенных инъекций и посредством небулайзера для лечения обострений бронхиальной астмы)
  • гиперактивность
  • аритмия, включая мерцательную аритмию, суправентрикулярную тахикардию и экстрасистолию
Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1,000, <1/100), сирек (>1/10,000, <1/1,000), өте сирек (<1/10,000).

Жиі
  • тремор, бас ауыру
  • тахикардия
Жиі емес
  • ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабықтарының тітіркенуі
  • жүрек қағуының жиілеуі
  • бұлшықеттердің құрысуы
Сирек
  • гипокалиемия (β2-агонистерімен емдеу айқын гипокалиемияға әкеп соғуы мүмкін)
  • шеткергі қантамырлардың кеңеюі
Өте сирек
  • аса жоғары сезімталдық реакциялары, есекжемді, ангионевротикалық ісінуді, бронхтың тарылуын, гипотонияны, коллапсты қоса
  • парадоксальді бронхоспазм
  • лактоацидоз (бронх демікпесінің өршуін емдеу үшін сальбутамолды көктамырішілік инъекциялар түрінде және небулайзер арқылы қабылдап жүрген емделушілерде)
  • аса жоғары белсенділік
  • аритмия, жыпылықтағыш аритмияны, суправентрикулярлы тахикардияны және экстрасистолияны қоса

Особые указания к применению

Лечение астмы обычно проводится поэтапно, при этом реакцию пациента следует контролировать клинически и по функциональным легочным тестам. Повышение потребности в приеме β2-агонистов может свидетельствовать об ухудшении контроля астмы. В таких случаях следует пересмотреть план лечения пациента.

Внезапное и прогрессирующее ухудшение бронхиальной астмы может представлять угрозу для жизни пациента, поэтому в подобных ситуациях необходимо срочно решать вопрос о назначении или увеличении дозы глюкокортикостероидов. У таких пациентов рекомендуется проводить ежедневный мониторинг пиковой скорости выдоха. С осторожностью применяют препарат у пациентов с тиреотоксикозом.

Терапия агонистами 2-адренорецепторов, особенно при их введении парентерально или с помощью небулайзера, может приводить к гипокалиемии.Особую осторожность рекомендуется проявлять при лечении тяжелых приступов бронхиальной астмы, поскольку в этих случаях гипокалиемия может усиливаться в результате одновременного применения производных ксантина, глюкокортикостероидов, диуретиков, а также вследствие гипоксии. В таких ситуациях необходимо контролировать уровень калия в сыворотке крови. Как и в случае с применением других ингаляционных препаратов, возможно развитие парадоксального бронхоспазма в результате возникновения спазма сразу после введения дозы. При возникновении парадоксального бронхоспазма требуется немедленное его купирование с помощью альтернативного препарата или быстродействующего ингаляционного бронходилататора из другой фармакологической группы. Следует немедленно прекратить лечение данной формой Вентолина®, и при необходимости назначить другие быстродействующие бронходилататоры для дальнейшего использования.

Если действие обычной дозы препарата Вентолин® становится менее эффективным или менее продолжительным (действие препарата должно сохраняться не менее 3 часов), пациенту следует обратиться к врачу. Врач должен убедиться в правильности применения ингалятора пациентом и синхронизации между приведением устройства в действие и вдохом для оптимальной доставки препарата к легким.

Фертильность
Нет данных о влиянии препарата на фертильность у человека. Препарат не оказывает негативного влияния на фертильность животных.

Беременность и период лактации
Применение препарата во время беременности и лактации оправдано лишь в том случае, когда ожидаемая польза для матери превышает риск для плода/младенца. Сальбутамол, вероятно, выделяется с грудным молоком. В отдельных исследованиях выявлена полидактилия и расщепление неба у детей на фоне приема матерями во время беременности препаратов, среди которых был сальбутамол (однозначной причинной связи их возникновения с приемом препарата не установлено), в связи с чем степень риска оценивается как 2-3 %. В экспериментальных исследованиях обнаружено наличие тератогенного эффекта сальбутамола: у мышей при п/к введении (дозы, в 11.5-115 раз превышающие максимально рекомендуемые у человека для ингаляционного введения) отмечалось развитие «волчьей пасти»; у кроликов при пероральном назначении (дозы, в 2315 раз превышающие максимальные для ингаляционного введения) – незаращение костей черепа.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Нет данных.
Демікпені емдеу әдетте сатылап жүргізіледі, мұндайда емделушінің реакциясын клиникалық тұрғыдан және функциональді өкпе тесті бойынша бақылаған жөн. β2-агонистерге қажеттіліктің жоғарылауы демікпені бақылаудың нашарлағанын айғақтауы мүмкін. Мұндай жағдайларда емделушіні емдеу жоспарын қайта қарастырған жөн.

Бронх демікпесінің кенеттен немесе үдемелі түрде нашарлауы емделушінің өміріне қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан осындай жағдайда глюкокортикостероидтарды тағайындау немесе дозасын арттыру жөніндегі мәселені шұғыл шешу қажет. Мұндай емделушілерде шығарылу шыңының жылдамдығына күн сайын мониторинг жүргізу керек. Препаратты тиреотоксикозы бар емделушілерге абайлап қолданады.

2-адренорецептор агонистерімен емдеу, әсіресе оларды парентеральді түрде немесе небулайзердің жәрдемімен енгізген кезде гипокалиемияға әкеп соғуы мүмкін. Бронх демікпесінің ауыр ұстамаларын емдегенде аса сақтық таныту керек, өйткені мұндай жағдайларда гипокалиемия ксантин туындыларын, глюкокортикостероидтарды, диуретиктерді бір мезгілде қолдану нәтижесінде, сондай-ақ гипоксия салдарынан күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайларда қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау қажет.

Басқа ингаляциялық препараттарды қолданған жағдайдағыдай, дозаны енгізгеннен кейін бірден түйілудің пайда болуы нәтижесінде парадоксальді бронх түйілуі пайда болуы мүмкін. Парадоксальді бронх түйілуі пайда болған кезде оны баламалы препарат немесе басқа фармакологиялық топқа жататын, тез әсер ететін ингаляциялық бронходилататордың жәрдемімен дереу басу қажет болады. Вентолиннің® осы түрімен емдеуді дереу тоқтатқан және қажет болғанда әрі қарай пайдалану үшін тез әсер ететін басқа бронходилататорларды тағайындаған жөн.

Егер Вентолин® препаратының әдеттегі дозасының әсер ету тиімділігі азырақ немесе ұзақтығы аздау болса (препараттың әсер етуі кем дегенде 3 сағат сақталуы тиіс), емделушінің дәрігерге қаралғаны жөн. Дәрігер емделушінің ингаляторды дұрыс қолданғанына және құрылғының іске қосу мен препараттың өкпеге тиімді түрде жеткізілуі үшін дем алу арасындағы синхронизацияның дұрыстығына көз жеткізуі тиіс.

Фертильділігі
Препараттың адамның фертильділігіне ықпалы жөнінде деректер жоқ. Препарат жануарлардың фертильділігіне жағымсыз ықпалын тигізбейді.

Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдану ана үшін күтілетін пайдасы ұрық/сәби үшін қауіптен асып түскен жағдайда ғана өзін-өзі ақтай алады. Сальбутамол, сірә, емшек сүтімен бірге бөлініп шығуы мүмкін. Жекелеген зерттеулерде жүктілік кезеңінде аналары ішінде сальбутамолы бар препараттарды қабылдаған жағдайда, олардың балаларында полидактилия және таңдайдың ажырауы байқалды (препаратты қабылдаумен оның пайда болуының бір мағыналы себептік байланысы анықталған жоқ), осыған байланысты қауіп дәрежесі 2-3% ретінде бағаланады. Экспериментальді зерттеулерде сальбутамолдың тератогендік әсерлерінің болатындығы анықталды: тышқандарда т/а енгізген кезде (ингаляция түрінде енгізу үшін адамға ұсынылатын ең жоғары дозадан 11.5-115 есе асып кететін дозалар) «жарық таңдайдың» пайда болғаны; үй қояндарына пероральді түрде тағайындағанда (ингаляциялық енгізуге арналған ең жоғары дозадан 2315 есе асатын доза) – бас сүйегінің өспей қалғаны байқалды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Деректер жоқ.

Дозировка и способ применения

Вентолин® в виде аэрозоля применяется только для ингаляций путем вдыхания аэрозоля через рот.
Увеличение потребности в приеме β2-агонистов может свидетельствовать об ухудшении течения астмы. В таких случаях рекомендуется провести повторную оценку проводимой терапии и рассмотреть возможность дополнительного назначения ГКС. В связи с риском возникновения побочных реакций при превышении рекомендованных доз, частота приема и применяемые дозы должны увеличиваться только по назначению врача.

Продолжительность действия препарата Вентолин® у большинства пациентов составляет 4-6 ч. Лица, имеющие трудности с координацией вдоха и высвобождения лекарства из ингалятора, могут применять препрат Вентолин® при помощи устройства в виде спейсера. Потребность в приеме препарата не должна превышать 4 раз в сутки (800 мг). Внезапное увеличение потребности в препарате указывает на ухудшение течения астмы. Для детей младшего возраста лучше применять препарат Вентолин® через спейсер.

Купирование острого приступа бронхоспазма

Взрослые: от 100 мкг до 200 мкг препарата Вентолин® однократно.

Дети: 100 мкг однократно. В случае необходимости дозу можно увеличить до 200 мкг.

Предупреждение бронхоспазма, вызванного физической нагрузкой, или аллергической этиологии

Взрослые: 200 мкг до физической нагрузки или ожидаемого контакта с аллергеном

Дети: 100 мкг до физической нагрузки или ожидаемого контакта с аллергеном. В случае необходимости дозу можно увеличить до 200 мкг.

Длительная поддерживающая терапия
Взрослым и детям 100-200 мкг препарата 4 раза в сутки. Продолжительность лечения определяет лечащий врач.

Инструкция по использованию ингалятора

Действие препарата может быть ослаблено, если ингалятор холодный. При охлаждении баллончика рекомендуется достать его из пластикового корпуса и согреть руками в течение нескольких минут. Баллончик нельзя разбирать, прокалывать и бросать в огонь, даже если он пустой.

Проверка исправности ингалятора
Перед первым применением ингалятора необходимо осторожно снять крышку с мундштука, энергично встряхнуть ингалятор и распылить две дозы препарата в воздух, чтобы убедиться в исправности устройства. Если ингалятор не использовался в течение 5 дней и более, его необходимо хорошо встряхнуть и распылить две дозы препарата в воздух, чтобы убедиться в его исправности.

Применение ингалятора

1. Снять защитный колпачок с мундштука ингалятора. Проверить внутреннюю и наружнюю части ингалятора, включая мундштук, на предмет чистоты и сухости, а также на предмет наличия незакрепленных частей устройства.
2. Энергично встряхнуть ингалятор для равномерного перемешивания содержимого ингалятора, а также для удаления всех незакрепленных частей с поверхности устройства.
3. Поместить ингалятор вертикально между большим и указательным пальцами, разместив большой палец на основании, ниже мундштука.
4. Сделать глубокий (насколько возможно) выдох. Затем поместить мундштук между зубами (не прикусывая его) и плотно обхватить губами.
5. Сделать глубокий вдох через рот. Продолжая делать глубокий вдох, нажать на верхнюю часть ингалятора.
6. Задержать дыхание, вынуть ингалятор изо рта и убрать указательный палец с верхней части ингалятора. Продолжать сдерживать дыхание насколько это возможно.
7. Если необходимо продолжить ингаляции, следует подождать приблизительно полминуты, держа ингалятор вертикально, а затем повторить этапы со 2-го по 6-ой.

8. После ингаляции осторожно надеть на мундштук пылезащитный колпачок.

Внимание
Не торопитесь при выполнении действий, указанных в пункте 4, 5 и 6. Важно, чтобы нажатие ингалятора наступало в начале спокойного, глубокого вдоха. Чтобы быть уверенным, что ингаляция выполнена правильно, необходимо для начала контролировать способ приема лекарства перед зеркалом. Появляющаяся во время ингаляции из ингалятора, губ или носа «дымка» указывает на неправильную технику ингаляции и необходимо снова, начиная с пункта 2, поупражняться в применении ингалятора. Если Ваш доктор дал Вам какие-либо другие рекомендации по использованию препарата, следуйте рекомендациям Вашего доктора. Информируйте врача о любых трудностях, связанных с приемом препарата.

Чистка ингалятора
Ингалятор следует чистить не реже одного раза в неделю.

1. Извлечь металлический контейнер из пластикового корпуса ингалятора и снять крышку мундштука.

2. Промыть распылитель теплой проточной водой.
3. Тщательно просушить распылитель изнутри и снаружи.
4. Поместить обратно на место контейнер и крышку мундштука.

НЕ ОПУСКАЙТЕ МЕТАЛЛИЧЕСКИЙ КОНТЕЙНЕР В ВОДУ.
Вентолин® аэрозоль түрінде ауыз арқылы аэрозольмен дем алу жолымен ингаляция жасау үшін қолданылады. β2-агонистерді қабылдау қажеттілігінің ұлғаюы демікпе барысының нашарлағанын айғақтауы мүмкін. Мұндай жағдайларда жүргізілетін емге қайталап баға беруге және ГКС қосымша тағайындау мүмкіндігін қарастыруға кеңес беріледі. Ұсынылған дозаларды арттырғанда жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупіне байланысты қабылдау жиілігі және қолданылатын дозалар дәрігердің тағайындауымен ғана арттырылуы тиіс.

Вентолин® препаратының әсер ету ұзақтығы емделушілердің көбісінде 4-6 сағатты құрайды. Дем алу үйлесімінде және ингалятордан дәріні босатып шығаруда қиындықтар туындайтын адамдарға Вентолин® препараты спейсер түріндегі құрылғының жәрдемімен қолданылуы мүмкін. Препаратты қабылдауға қажеттілік тәулігіне 4 реттен (800 мг) аспауы тиіс. Препаратқа қажеттіліктің күрт артуы демікпе барысының нашарлағанын көрсетеді. Кіші жастағы балалар үшін Вентолин® препаратын спейсер арқылы қолданған жақсы.

Бронх түйілуінің жедел ұстамасын басуға

Ересектер: Вентолин® препаратын бір рет 100 мкг-ден 200 мкг-ге дейін.

Балалар: 100 мкг бір рет. Қажет болған жағдайда дозаны 200 мкг-ға дейін арттыруға болады.

Дене жүктемесі, немесе аллергиялық этиология әсерінен туындаған бронхтың түйілуіне жол бермеу

Ересектер: дене жүктемесіне дейін немесе аллергенмен күтілетін қатынасқа дейін 200 мкг

Балалар: дене жүктемесіне дейін немесе аллергенмен күтілетін қатынасқа дейін 100 мкг. Қажет болған жағдайда дозаны 200 мкг-ге дейін арттыруға болады.

Ұзақ демеуші ем
Ересектерге және балаларға 100-200 мкг препаратты тәулігіне 4 рет. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Ингаляторды қолдану жөнінде нұсқаулық
Егер ингалятор салқын болса, препараттың әсері төмен болуы мүмкін. Баллон салқын болғанда оны пластик корпустан шығарып алып, қолмен бірнеше минут бойы жылыту керек. Баллонды, тіпті ол бос болса да, бөлшектеуге, тесуге және отқа тастауға болмайды.

Ингалятордың бүлінбегендігін тексеру
Алғаш қолданар алдында мундштуктен қақпағын абайлап алып, ингаляторды күшті сілкілеп шайқайды да, құрылғының бүлінбегеніне көз жеткізу үшін, препараттың екі дозасын ауаға шашыратады. Егер ингалятор 5 күн бойы және одан көбірек пайдаланылмаса, жақсылап сілку қажет, бүлінбегендігіне көз жеткізу үшін, препараттың екі дозасын ауаға бүркіп шашырату керек.

Ингаляторды қолдану

1. Ингалятор мундштугінен қорғаныш қалпағын алу керек. Ингалятордың, мундштукті қоса, ішкі және сыртқы бөлігін, тазалығын және құрғақтығын, сондай-ақ құрылғының бекітілмеген бөлшектерінің бар-жоқтығын тексеру керек.
2. Ингалятордың ішіндегісі біркелкі араласуы үшін, сондай-ақ құрылғының бетінен бекітілмеген барлық бөлшектердің алынуы үшін ингаляторды қарқынмен сілкілеп шайқау керек.
3. Ингаляторды, оның мунштуктан төмен, негізін бас бармаққа орналастырып, бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына тігінен ұстайды.
4. Демді (барынша) терең шығару керек. Содан кейін мундштукті тіс арасына салып (оны тістемей), ерінмен мығымдап қымқырып ұстау керек.
5. Ауыз арқылы терең дем алу керек. Терең дем алуды жалғастыра отырып, ингалятордың жоғарғы жағын қысып басу керек.
6. Демді кідірте тұрады, ингаляторды ауыздан шығарып алып, ингалятордың жоғарғы жағынан сұқ саусақты алу керек. Демді барынша ұзақтау ұстаған жөн.
7. Егер ингаляцияны жалғастыру қажет болса, ингаляторды тігінен ұстап, шамамен жарты минуттай күте тұрған жөн, содан кейін 2 – 6-шы сатыларды қайталау керек.

8. Ингаляциядан кейін мундштукке шаңнан қорғайтын қалпағын абайлап кигізу керек.

Назар аударыңыз
4, 5 және 6 тармақта көрсетілген амалдарды орындаған кезде асықпаңыз. Адамның қолайлы терең дем алуы кезінде ингалятордың басылуы маңызды. Ингаляцияның дұрыс жасалғанына сенімді болу үшін, дәріні қабылдау тәсілін бастапқыда айна алдында тұрып бақылау қажет. Ингаляция жасау кезінде ингалятордан, еріннен немесе мұрыннан «будың» шығуы ингаляция техникасының дұрыс болмағандығын көрсетеді, және де 2-ші тармақтан бастап ингаляторды қайтадан қолдануға жаттығу қажет. Еегр Сіздің дәрігеріңіз Сізге препаратты пайдалану жөнінде қандай да бір басқа нұсқаулар берсе, дәрігердің нұсқауларын орындаңыз. Препаратты қабылдаумен байланысты болатын кез келген қиындықтарды дәрігерге хабарлап отыру қажет.

Ингаляторды тазалау
Ингаляторды аптасына кем дегенде бір рет тазалап отырған жөн.

1. Ингалятордың пластик корпусынан металл контейнерді шығарып алыңыз және мундштуктің қақпақшасын алып қойыңыз.
2. Бүркігішті жылы ағын сумен шаю керек.
3. Шашыратқыштың ішін және сыртын мұқият кептіру керек.
4. Контейнерді және мундштуктің қақпағын орнына қайта салып қою керек.

МЕТАЛЛ КОНТЕЙНЕРДІ СУҒА САЛМАҢЫЗ.

Взаимодействие с лекарствами

Не рекомендуется одновременно применять препарат Вентолин® и неселективные блокаторы β-адренонорецепторов, такие как пропранолол. Препарат Вентолин® не противопоказан пациентам, которые получают ингибиторы моноаминоксидазы (ИМАО).
Вентолин® препаратын және пропранолол сияқты b-адренорецепторлардың селективті емес бөгегіштерін бірге қолдануға кеңес берілмейді. Вентолин® препаратын моноаминооксидаза тежегіштерін (МАОТ) қабылдап жүрген емделушілерге қолдануға болмайды.

Передозировка вентолиным в аэрозоле

Симптомы: большинство симптомов передозировки сальбутамолом являются преходящими побочными реакциями бета-агонистов.

При передозировке возможно развитие гипокалиемии, в связи с чем необходим мониторинг уровня калия в сыворотке крови.

При применении высоких терапевтических доз и передозировке бета-агонистами короткого действия было выявлено развитие молочнокислого ацидоза.

Лечение: применение больших доз сальбутамола может вызвать гипокалиемию, поэтому при подозрении на передозировку следует контролировать уровень калия в сыворотке крови. Необходим контроль уровня лактата и последующего развития метаболического ацидоза (особенно в присутствии или при ухудшении тахипноэ несмотря на устранение бронхоспазма).
Симптомдары: сальбутамолдың артық дозалануының көптеген симптомдары бета-агонистердің өткінші жағымсыз реакциялары болып табылады.

Артық дозаланғанда гипокалиемия пайда болуы мүмкін, осыған байланысты қан сарысуында калийге мониторинг жасау қажет.

Жоғары емдік дозаларда қолданғанда және әсері қысқа бета-агонистер артық дозаланғанда сүтқышқылды ацидоздың пайда болуы анықталды.

Емі: сальбутамолдың үлкен дозаларын қолдану гипокалиемияны тудыруы мүмкін, сондықтан артық дозаланғанынан күдіктенгенде қан сарысуындағы калий деңгейін бақылаған жөн. Лактаттың деңгейін және метаболикалық ацидоздың әрі қарай пайда болуын бақылау қажет (әсіресе бронх түйілуінің жоғалғанына қарамастан, тахипноэ болғанда немесе ол асқынғанда).

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Абсорбция
При применении аэрозоля от 10 до 20% принятой дозы достигает нижних дыхательных путей, где адсорбируется легочной тканью и проникает в сосуды легких, но не подвергается здесь метаболизму. Оставшаяся часть остается в доставочном устройстве или оседает в ротоглотке с дальнейшим заглатыванием препарата.

Распределение
Связывание с белками плазмы составляет 10 %.

Метаболизм
При достижении порогов системой циркуляции, сальбутамол метаболизируется посредством печеночного механизма и выделяется преимущественно с мочой в виде неизменного продукта и фенола сульфата. Метаболизируется сальбутамол при первом прохождении через печень и, в связи с заглатыванием небольших количеств в процессе ингаляции, в стенке кишечника; основной метаболит – неактивный сульфатный конъюгат, которые выводятся с мочой.

Выведение
Т½ сальбутамола при внутривенном введении составляет 4-6 часов. Сальбутамол быстро выводится с мочой в виде неактивного метаболита 4’-O-сульфата и неизмененного вещества; в небольших количествах выводится с калом. Большая часть принятого сальбутамола выводится из организма в течение 72 часов.
Сіңуі
Аэрозольді қолданған кезде қабылданған дозаның 10%-дан 20%-на дейіні төменгі тыныс жолдарына дейін жетеді, онда өкпе тіндерімен сіңеді және өкпе қантамырларына өтеді, бірақ мұнда метаболизмге ұшырамайды. Қалған бөлігі жеткізетін құрылғыда қалады немесе ауызжұтқыншаққа шөгіп, әрі қарай препарат жұтылады.

Таралуы
Плазма ақуыздарымен байланысуы 10% құрайды.

Метаболизмі
Жүйемен айналу шегіне жеткен кезде, сальбутамол бауырлық механизм арқылы метаболизденеді және көбіне несеппен бірге өзгермеген өнім және фенол сульфаты түрінде бөлініп шығады. Сальбутамол бауырдан алғаш өткен кезде және, ингаляция кезінде аздаған мөлшерінің жұтылуына байланысты, ішек қабырғаларында метаболизденеді; негізгі метаболиті – белсенді емес сульфатты конъюгат, олар несеппен бірге шығарылады.

Шығарылуы
Көктамыр ішіне енгізгенде сальбутамолдың Т½ 4-6 сағатты құрайды. Сальбутамол несеппен бірге белсенді емес метаболит 4’-O-сульфаты және өзгермеген зат түрінде тез шығарылады; аздаған мөлшерде нәжіспен бірге шығарылады. Қабылданған сальбутамолдың үлкен бөлігі организмнен 72 сағат ішінде шығарылады.

Фармакодинамика

Вентолин® - селективный агонист β2-адренорецепторов. В терапевтических дозах оказывает влияние на β2-адренорецепторы мускулатуры бронхов. Вентолин® имеет короткую продолжительность действия (от 4 до 6 часов) и быстрое начало действия (около 5 минут с момента применения).

Дети
Клинические исследования, проведенные у детей младше 4 лет, доказали сходный профиль безопасности по сравнению с детьми более старшего возраста, подростками и взрослыми.
Вентолин® – β2-адренорецепторлардың селективті агонисі. Емдік дозаларда бронхтардың бұлшықеттерінің β2-адренорецепторларына ықпалын тигізеді. Вентолиннің® әсер ету ұзақтығы қысқа (4 сағаттан 6 сағатқа дейін) және әсер етуі тез басталады (қолданған сәттен бастап 5 минутқа жуық).

Балалар
Жүргізілген клиникалық зерттеулер 4 жасқа толмаған балаларда қауіпсіздік бейінінің үлкенірек жастағы балалармен, жасөспірімдермен және ересектермен ұқсас болатындығын дәлелдеді.

Упаковка и форма выпуска

Аэрозоль для ингаляций, дозированный, 100 мкг/доза, 200 доз. По 200 доз помещают в алюминиевый баллон, снабженный дозирующим клапаном, распылительной насадкой и защитным колпачком. По 1 баллону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Дозаланған, ингаляцияға арналған аэрозоль, 100 мкг/доза, 200 доза. Дозалаушы клапанмен, бүріккіш қондырғымен және қорғағыш қалпақшамен жабдықталған алюминий баллонда 200 дозадан бар. 1 баллон медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.